Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

13 Наурыз 2023, 15:48
984
Бөлісу:
Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 наурыздан бастап Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарындағы көшелер, автожолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суын сору және бұру бойынша 1097 өтінім қабылданды, барлығы дер кезінде пысықталды. 

Тек Ақтөбе қаласы бойынша 12 наурызда еріген қар суын сору бойынша келіп түскен 342 өтінім пысықталып, 38 мың текше метр су сорылды. 

Өңір бойынша 119 мың текше метрден астам еріген су айдалды, 26,1 шақырым арық тазартылды, 3900 м3 инертті материал әкелінді, 1 900 дана қап төселді, облыстың елдімекендерінен 512 мың м3 астам қар шығарылды. Іс-шараларға 138 ассенизатор, 142 бірлік арнайы техника, 20 мобильді бригада, 650 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. Ерекше бақылауға алынған 4 учаскеде еріген судың түсуіне қарай мерзімді су сору жұмыстары жүзеге асырылуда. Елдімекендерді су басу қаупі жоқ, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы