Ақтөбе облысында 36 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті

30 Қыркүйек 2026, 19:31
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 30 Қыркүйек 2026, 19:31
30 Қыркүйек 2026, 19:31
137
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақтөбе облысында жер телімдері мақсатына сай пайдаланылмаған. 

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін анықтады.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 36 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 42 млн теңгеден асатын жер телімдері қайтарылды. Қайтарылған жер телімдері ауданның арнайы жер қорына енгізіліп, азаматтарға ауыл шаруашылығы алқаптары үшін берілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Наверх