Ақтөбе облысында өрт сөндіру бойынша арнайы оқу-жаттығу өткізілді

12 Маусым 2023, 21:05
566
Бөлісу:
Ақтөбе облысында өрт сөндіру бойынша арнайы оқу-жаттығу өткізілді
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқа мерзімде шешім қабылдау аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, олардың арнайы күштері мен құралдарының өрт қауіпі бар кезеңіне дайындығын тексеру мақсатында Қарғалы ауданының Әлімбет ауылы маңындағы далалықта табиғи өртті сөндіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Арнайы оқу-жаттығу жиынына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Парламент Мәжіліс депутаты Қазбек Алишев аудан әкімдері және ТЖД басшылығы қатысты. Қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк аудандарының ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, атқарушы органдар аталған жиынға жұмылдырылды.

Өңір басшысы оқу-жаттығулар қатысушыларымен әңгімелесіп, олардың төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі туралы сөз қозғалды.

Сценарий бойынша маневрлік тепловоздың ұшқыны далада қураған шөптердің өртенуіне себеп болады.

Өрт тез арада таралып, дала алқабының үлкен аумағын қамтыды.
Департамент басшысы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Қарғалы ауданымен шекаралас аудандардың арнайы күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныс енгізді.

Кейін оқиға орнына күштер мен арнайы техника тартылып, олар ауқымды өртті сөндіруге кірісті.

Өрт тез арада оқшауланып, шартты орман өртін сөндіруге 300-ге жуық қызметкер мен 70 техника жұмылдырылды.

Тактикалық оқу-жаттығу жиынының нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар мен қатысушылардың өзара іс-қимылына талдау жүргізіліп, баяндамалары тыңдалды. Жалпы, жеке құрам қойылған міндеттерді іске асырды, сондай-ақ нақты жағдайларда тиісті тапсырмаларды орындауға дайын.

Өзгелердің жаңалығы