Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру аясында 23 меморандумға қол қойылды

26 Қараша 2022, 10:15
960
Бөлісу:
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру аясында 23 меморандумға қол қойылды

Өңірде ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған шара аясында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында мал шаруашылығын дамытуды жоспарлап отырған жобаға қатысушыларды мал азықтық дақылдармен қамтамасыз ету бойынша аудан әкімдері мен орта, ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер шеңберінде астық егетін шаруашылықтар 5 мың тонна астық жеткізуге міндеттенеді. 

Аталған міндеттемелерді өз жауапкершіліктеріне алған ауыл шаруашылығы құрылымдары: 

Әйтеке би ауданы 

«Құмқұдық» ЖШС директоры Чемоданов А. Ф. «Комсомол» ЖШС директорыВолынец В. В. «Обек Агро» ЖШС директоры Степочкин В. М. «Бұлақ» ШҚ басшысы Дабылов А. «Жамбыл-С» ЖШС директоры Жалғасбаев С. Ш. 

Қарғалы ауданы 

«Қос Истек Агро» ЖШС директоры Кусмауль Н.Д. «Ақбидай» ШҚ басшысы Сенич Ю.Н. «Кудря А.М.» ШҚ басшысы Кудря И.М. 

Мәртөк ауданы 

«Акбар» ШҚ жетекшісі Жақсыбаев С. А. «Дина» ШҚ басшысы Құрманаев З. Г. «Родники Агро» ЖШС директоры Қуатов М. Е. «Алтын жер и Ж» ШҚ басшысы Хусаинов Ж. Б. «Көквест» ШҚ директоры Проскурин В. В. 

Хромтау ауданы 

«Ақжар Агро» ЖШС директоры Сүлейменов Б. У. «Алтын дән және К» ЖШС директоры Бисенов Н. А. «Наурыз» ШҚ басшысы Малсақбаев Н.К. 

«Ақтөбе ӘКК» АҚ мен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы арасындағы Ақтөбе облысына күріш пен тұз жеткізу туралы меморандум. (Орындалу мерзімі: жобаны іске асыру кезеңінде) 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жылыжай шаруашылығын дамытуға ниетті жоба қатысушыларын қолдау мақсатында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Өрлеу» шаруа қожалығының басшысы Г. Мошкалов арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. (Орындалу мерзімі: жобаның іске асырылу барысында)

 «Ауыл аманаты» жобасы аясында құлпынай көшеттерімен қамтамасыз ету және өсіруге қолдау көрсету мақсатында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Экоферма 2015» ЖШС директоры Н.Есенаманов арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум (Орындалу мерзімі: жобаның іске асырылу барысы) 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында таңқурай көшеттерімен қамтамасыз ету және практикалық көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Болат ЛТД» ЖШС бас директоры Д. Шураханов Д.К. арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум (Орындалу мерзімі: жобаның іске асырылу барысы) 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында құс өсіру бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мен жеке кәсіпкер Е.Макаревич арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. (Орындалу мерзімі: жобаның іске асырылу барысы)

Өзгелердің жаңалығы