Ақтөбе облысында 278 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

5 Наурыз 2020, 21:04
1052
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 278 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілердің арасында көліктік тәртіпті арттыру мен жол көлік оқиғаларының алдын алу, сонымен қатар жол қозғалысы Ережелерін бұзуды болдырмау мақсатында Ақтөбе облысы аумағында наурыздың 4-6 аралығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуларды, оның ішінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың жүргізуін тыюға бағытталған "Көлік құралын басқару құқығынан айырылған" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні облыс бойынша 278 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

WhatsApp Image 2020-03-05 at 17.55.04 (1).jpeg

Аталған іс-шараны өткізу шеңберінде Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны өткен тәулікте көлік құралын басқару құқығынан айырылған 10 тұлға көлік жүргізу фактілерін анықтаған, - делінген хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқарса, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынады. Аталған бап сотпен қарастырылады.


Өзгелердің жаңалығы