Ақтөбе мен Ақтауда қолайсыз ауа райы болуы мүмкін

20 Мамыр 2024, 05:34
413
Бөлісу:
Ақтөбе мен Ақтауда қолайсыз ауа райы болуы мүмкін
Фото: архив

20 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы