Ақтөбе көшелерін тазалауға жауапты компаниялардың қызметі тексеріледі

20 Желтоқсан 2022, 09:07
1044
Бөлісу:
Ақтөбе көшелерін тазалауға жауапты компаниялардың қызметі тексеріледі

Ақтөбе қаласының көшелері мен тротуарларын тазалаумен айналысатын мердігер ұйымдардың қызметі тексеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, арнайы комиссия облыс орталығының аумақтарын санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуде мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу кезінде компаниялар мәлімдеген техникалары мен жұмыс күші көлемінің шындыққа сәйкестігін анықтауы тиіс. 

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапасының төмендігі туралы мердігерлерге бірнеше рет ескерткеннен кейін тиісті тапсырма берді. 

Техниканың және қызметкерлердің нақты санын тексеру керек. Міндеттемені орындамағандары үшін жауапқа тартатын кез келді, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Қазіргі уақытта қаланың аумағын санитарлық тазалаумен 8 компания айналысады. Олардың міндеттеріне жалпы қалалық аумақтарда қоқыстарды жинау, арамшөптерді шабу және жою, тротуарларды мұздан тазарту және көктайғаққа қарсы қоспаны себу және т.б. кіреді.

Өзгелердің жаңалығы