"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады

22 Мамыр 2024, 17:47
275
Бөлісу:
"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады
PHOTO
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қазіргі таңда облыста апатты жағдайлардың алдын алу, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 763-965 шақырым теліміндегі жөнделмеген аралықтарға қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге қаражат бөлінген.

"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады

Мердігер мекеме – «Ербол-ЭЛЬ» ЖШС. Биыл маусым айында барлық жұмысты аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына 25 техника, 33 жұмысшы жұмылдырылған.

"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады

Бүгінде «Ербол-ЭЛЬ» компаниясы Ақтөбе мен Хромтау арасындағы жолға асфальттың жоғары қабатын төсеу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жалпы, аталған компания Хромтау мен Ақтөбе қаласының ортасында ұзындығы 20 шақырым жерге жөндеу жұмыстарын, «КАЖ Сервис» мекемесі Хромтау мен Бөгетсайдың ортасында ұзындығы 41 шақырымға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстарды маусым айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Шұңқырларды тегістеу жұмыстары ауа райына қарай жаз, күз айларында жалғасып жүргізіле береді. Сондай-ақ Ақтөбе-Ұлғайсын арасындағы ұзындығы 262 шақырымдық 4 жолақты жол қайта жаңартылады. Қазіргі таңда «Сине Мидас Строй» компаниясы жұмыстарды бастады. Жол жөндеуге дайындық, мобилизация, техникалар мен адамдарды жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 7 учаскенің бір учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары басталды, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директоры Айбол Данағұл.

"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады
Өзгелердің жаңалығы