Ақтөбе халқы Қостанайға гуманитарлық көмек жіберді

5 Қыркүйек 2022, 20:45
1446
Бөлісу:
Ақтөбе халқы Қостанайға гуманитарлық көмек жіберді

Ақтөбеліктер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек жіберді деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

“AMANAT" партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанынан қостанайлықтарға гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылған болатын. Бүгін сол пунктке жиналған азық-түлік, тұрмыстық заттар тиелген екі жүк көлігі Қостанай облысына жолға шықты.

Қостанайда болған оқыс оқиғаны естіп, біз де қайғырып жатырмыз. Сондықтан тек тілектес болып отырмай, тұрғындардың, жанашыр азаматтардың, белсенділердің көмегін қостанайлықтарға жеткізу үшін "Жастар рухы" жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы бастама көтеріп, пункке 150-ден астам ерікті жасты жинап, зардап шеккендерге қолдау білдіріп жатырмыз. Бүгін екі жүк көлігі облыс орталығынан жолға шығып кетті,-дейді “Жастар рухы" жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының консультанты Әлішер Тыныштық.

Ақтөбе халқы Қостанайға гуманитарлық көмек жіберді

Оның айтуынша, мұндай көмек Қостанай облысындағы төтенше жағдай қалыпқа келгенге дейін жалғасады. 

Гуманитарлық көмек қабылдау пункті Ақтөбе қаласы Тургенев көшесі, 86 мекенжайында орналасқан. Кез келген жанашыр азамат пунктке келіп, өз үлесін қоса алады. Ең қуаныштысы, бұл игілікке іске кәсіпкерлер, белсенді азаматтар, жастар, еріктілер ерекше үлес қосып жатыр. Біздің ауызбіршілігіміз, жанашырлығымыз осындай қиын кезеңде көрінеді. Сондықтан барша қазақстандықтарды осы жағдайда бір болып, қостанайлықтарға жұмыла көмек көрсетуге шақырамын,-дейді Әлішер Тыныштық.

Өзгелердің жаңалығы