Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Ақтөбе" футбол клубында 250 млн теңге жымқырылған

30 Сәуір 2025, 12:07
720
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақтөбе облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубының қызметін тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріс нәтижесінде 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау бар.

Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.  Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Өзгелердің жаңалығы