Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарындағы нысандар тексерілді

16 Тамыз 2023, 20:50
993
Бөлісу:
Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарындағы нысандар тексерілді

Қорғаныс министрінің орынбасары Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарындағы әскери нысандарды аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери бөлімдер мен мекемелер объектілерінің 2023–2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығын, ағымдағы, күрделі жөндеу және модульдік ғимараттарды орнату барысын тексерді.

Өңірге сапар барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар Ақтау және Бейнеу гарнизондарында әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Өңір басшысы 2023–2025 жылдарға арналған Әскери объектілерді салу және күрделі жөндеу жөніндегі жол картасын іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарындағы нысандар тексерілді

Әскери бөлімдерде ағымдағы жөндеуді ұйымдастырумен және модульдік ғимараттарды орнатумен айналысатын «Әскери құрылыс» АҚ өкілдерімен кездесу өткізілді. Бейнеу гарнизонында «Әскери құрылыс» АҚ-мен Бейнеуде әскери қалашық объектілерін салу туралы бұрын жасалған шартты жекелеген объектілерге бөлу және оларды пайдалануға қабылдау жөнінде нұсқаулар берілді.

Одан бөлек сүңгуірлер оқу орталығын салу және инженерлік желілерді жүргізуге және трансформаторлық қосалқы станция салуға қосымша ақшалай қаражат бөлу мәселелері де зерделенді. Сонымен қоса алдағы жылы «Оймаша» оқу-жаттығу орталығында 75488 әскери бөлімін орналастыруға арналған модульдік ғимараттарды сатып алу туралы сөз болды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әскер түрлерінің бас қолбасшысына, «Батыс» ӨңҚ қолбасшысына, Әскери инфрақұрылым бас басқармасының бастығына, әскери бөлімдердің командирлеріне және аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарына жылыту маусымына дайындық, аумақтарды абаттандыру, үй-жайларды жөндеу және Қарулы күштер объектілерінің инфрақұрылымына қатысты басқа да мәселелер бойынша тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы