Ақтаудан Шымкентке ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды

7 Сәуір 2023, 11:56
787
Бөлісу:
Ақтаудан Шымкентке ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды
Фото: lada.kz

Рейс Ақтаудан 6 сәуірде сағат 15.30-да ұшқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Борт Шымкенттегі әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыға қонуға мәжбүр болды. Алайда жолаушыларды түсіру кезінде 15 адам ұшақтан шығудан бас тартқан. Осыған орай қызметкерлер Ішкі істер желілік бөлімшесінің өкілдерін шақырған.

FlyArystan баспасөз қызметінің ақпаратынша, рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінен болмаған. Кейін ұшақ Шымкентке сағат 23.02-де ұшып кетті.

Авиакомпания бұл жағдайға кінәлі болмаса да, Ақтау – Шымкент бағытындағы KС7578 рейсінің жолаушыларына ыстық тамақ пен салқын сусындар ұсындық, - деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы