Ақтаудағы Ұлттық ұлан жас сарбаздармен толықты

29 Мамыр 2023, 19:55
1048
Бөлісу:
Ақтаудағы Ұлттық ұлан жас сарбаздармен толықты
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан әскер қатарына сарбаздардың алғашқы легі келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлім қатары жас сарбаздармен толықты.

Отан қорғаушылардың алғашқы легі киелі Түркістан өңірінен Ақтау қаласына теміржол торабы арқылы жеткізілді. Ендігі кезекте жас сарбаздар әскери бөлімнің жоспарына сәйкес, бір айдан астам уақыт оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады.

Жас сарбаздар әскери бөлімге келмес бұрын әскери бөлімде оқу пункті құрылып, жас толымның әскери өмірге бейімделуіне барлық жағдай жасалады. Ол жерде сарбаздарға әскери істің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, психолог мамандарының көмегімен әр сарбаз жеке – жеке зерделенетін болады деді, - әскери бөлім командирі подполковник Марат Нұрмұратов.

Ұлттық ұлан әскер қатарына жаңадан қосылған жас сарбаздар ата – баба дәстүрін жалғастыра отырып, өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаратындықтарына сеніміміз мол.

Өзгелердің жаңалығы