Ақтау қаласындағы әуежай ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты екі күнге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өздеріңізді Ақтаудағы әуежайдың 24, 25 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылатынын хабардар етеміз. Ұшу уақыты туралы хабарлама жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірлеріне жіберіледі, - делінген FlyArystan хабарламасында.
Компания Ақтау әуежайының бұл жоспарын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолдайтынын атап өтеді, алайда кеш жеткізіліп отырған хабарландыру жолаушылардың жоспарларына әсер еткеніне өкінетіндерін де айтады.