Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

 Lada.kz Бүгiн 2026, 21:10
Бүгiн 2026, 21:10
191
Фото: Lada.kz

Ақтауда 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 маусым күні болған.

Lada.kz мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қаладағы шағын аудандар арасындағы жолда тіркелген.

Алдын ала ақпарат бойынша, "ВАЗ" маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх