Ақтауда жаңа ботаникалық бақ ашылды

31 Тамыз 2022, 22:48
1805
Бөлісу:
Ақтауда жаңа ботаникалық бақ ашылды

Ақтаудағы 34 А шағын ауданда жалпы аумағы 10 гектар Маңғыстау тәжірибелік-ботаникалық бағының тағы бір жаңа аумағы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа бақтың ашылу салтанатына облыс, қала басшылығы және Қазақстан, Ресей, Әзербайжаннан келген ғалымдар қатысты.

Қонақтарға жаңа ботаникалық бақ аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Олар әртүрлі су өсімдіктерін өсіретін жаңа су қоймасы, тұқым шаруашылығы, физиология және биохимия зертханалары, Қазақстанның табиғи флорасы бар гербарий қорымен танысты.

Үш жыл бұрын мұнда ештеңе болған жоқ. Қазір нағыз оазис, таңғаларлық, орасан зор нәтижені көріп, куәсі болып тұрмыз. Әрине, мұнда басшының да, ұжымның да еңбегі зор. Бау-бақша өсірумен қатар, қаланың өзін абаттандыруға да көп көңіл бөлінетінін білемін. Тұрақты суару, жасыл аумақтарды күтіп ұстау қажет. Ең бастысы, бүгінде бай ғылыми тәжірибе жинақтай аламыз, өйткені мұндағының барлығын қарапайым қолмен жасау мүмкін емес. Маңғыстау аймағы шөлейтті. Бұл өңірде жасыл-желек өсіру өте қиын, қолайсыз. Осыған қарамастан көп тер төгіліп жатыр, – деді Орталық Сібір ботаникалық бағы дендрология зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Евгений Банаев.

Ботаникалық бақтың жұмысына Маңғыстау, Жезқазған және Алтайдан келген мамандар тартылды.

Өзгелердің жаңалығы