Ақтауда спортшы қызды аса қатыгездікпен өлтірген қаскөйге үкім шығарылды

5 Наурыз 2024, 14:54
1942
Бөлісу:
Ақтауда спортшы қызды аса қатыгездікпен өлтірген қаскөйге үкім шығарылды
Фото: "Криминальный Казахстан" телеграм-каналы

Ақтауда спортшыны зорлап өлтірген қылмыскер 22 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминальный Казахстан" телеграм-каналының мәліметінше, сотталушы ҚР ҚК 99-бабы ("Адам өлтіру") және 121-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Қаза болған спортшының отбасылық адвокаты атап өткендей, сотталушы өз кінәсін мойындамаған. 

Еске салсақ, 22023 жылдың шілдесінде Ақтауда су каналы ауданынан 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың денесі табылды. 

Полицейлердің сөзінше, аталған қылмыс бастапқыда "өзін-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тергелген. Алайда бұл оқиға қоғамдық резонанс туындатқаннан кейін  құқыққорғау органдары істі "Адам өлтіру" бабы бойынша тергей бастады. 

Бұдан бөлек осы істі тергеген полицейлер лауазымын асыра пайдаланды деп күдікке ілініп, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі де жалғасып жатқан көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы