Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген бала саусағынан айырылды

4 Наурыз 2024, 03:19
503
Бөлісу:
Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген бала саусағынан айырылды
Фото: Арман Мухатов -архив

 Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген жеті жастағы қыз бала жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жарақат алған жеті жастағы қыз бала түсті. Ол саусағының бір бөлігінінен айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті жасады. Қыз балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Пациент оңалту курсын өтіп жатыр, әзірге болжам жасауға ерте, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы