Ақтауда паром флотын саламыз – Қасым Тілепов

12 Шілде 2022, 16:05
2306
Бөлісу:
Ақтауда паром флотын саламыз – Қасым Тілепов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қасым Тілепов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Ақтау портын дамыту жүргізіліп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, Ақтау портындағы инфрақұрылымның өткізу қабілеті 21 млн тоннаға жуықатайды және жүктің кез келген түрін тасымалдай аламыз. 

Ақтау портында 4 құрғақ жүк тиеуішіміз бар. Дегенмен жыл соңына дейін «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы тағы 2 контейнер тасымалдаушы сатып алады. Жалпы, ұзақ мерзімді келешекте контейнер тасымалдаушы паромдардың санын 10-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір Каспийде Әзербайжан пороходтары монополия орнатқан, - дейді Қ. Тілепов.

Сонымен қатар ол Ақтау порты арқылы Иран бағытына жүк тасымалдауды дамыту қарастырылып отырғанын жеткізді. Қазір бұл бағытта транзит әлеуетінің 19%-ын ғана пайдаланып отыр екен. Сондықтан бұл бағытты кеңінен пайдалану мүмкіндігі мол. 

Бұл Парсы шығанағына шығып, одан ары Үндістан нарығына және ашық жолдармен Еуропа нарығына шығуға жол ашады. Одан бөлек темір жолмен Түрікменстанды басып өтіп Иранға шығатын бағыт бар. Басты міндетіміз Қазақстанды Орталық Азиядағы басты транзит хабы ретінде қалыптастыру. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік жасалған,-деді ол. 
 

Өзгелердің жаңалығы