Ақтауда ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзіне қол жұмсамақ болған

Полиция мәліметінше, азамат бір ай мерзімге наркологиялық диспансерге орналастырылған.

 lada.kz Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
187
Фото: lada.kz

Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алып, көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

Lada.kz-тің жазуынша, оқиға 8 маусым күні 4-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1992 жылы туған қала тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін эмоционалдық күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсамақ болған.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп, оны райынан қайтарған. Полиция лейтенанттары Ж. Берниязов, Д. Киікбай, М. Терекбайұлы және аға лейтенант Ж. Амантурлиевтің үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Нәтижесінде ер адам аман-есен туыстарына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция мәліметінше, азамат бір ай мерзімге наркологиялық диспансерге орналастырылған.

Наверх