Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

21 Тамыз 2022, 11:21
1243
Бөлісу:
Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

Қаланың 14-шағынауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды.

Айта кетсек, 11 және 12 жастағы қыздар жағалауға жақын жерде шомылған.

Өзгелердің жаңалығы