Ақтауда 8 наурызда барлық әйел үшін автобуспен жүру тегін

8 Наурыз 2022, 14:46
1539
Бөлісу:
Ақтауда 8 наурызда барлық әйел үшін автобуспен жүру тегін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мереке құрметіне ақтаулық қыз-келіншектер қаладағы қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда 8 наурызда барлық әйелдер үшін қоғамдық көлік тегін болады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай барлық әділ жыныс өкілдері үшін Ақтау қалалық қоғамдық көліктерінде No2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 бағыттар бойынша жүру тегін болады, – деп хабарлады қала әкімдігі.

Мұндай акция Ақтауда бірінші рет өтіп отырған жоқ, 2021 жылы қала билігі әйелдерді осылайша мерекемен құттықтаған. 

Өзгелердің жаңалығы