Ақтау теңіз портында 866 мың қорап контрабандалық темекі анықталды

26 Қаңтар 2023, 17:41
922
Бөлісу:
Ақтау теңіз портында 866 мың қорап контрабандалық темекі анықталды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп ірі контрабандалық темекі өнімінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды. Инспекциялық тексеру кешені (ИТК) арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылды. Қызметкерлер құжаттар бойынша мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі тапты.

Ақтау теңіз портында 866 мың қорап контрабандалық темекі анықталды

Мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың алдын ала сомасы кемінде 300 млн.теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 234 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы