Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді

30 Наурыз 2024, 17:33
371
Бөлісу:
Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақпен гуманитарлық көмек Кіндікті, Үштөбе, Қызылкесік ауылдарына жеткізілді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

Кіндікті ауылына 40 қап ұн, 50 кг май, 300 кг макарон және дәрі-дәрмек, ал Үштөбе ауылына 40 қап ұн, 300 кг макарон және май, қант және басқа да қажетті заттар жеткізілді.

Еске сала кетейік, Абай облысында кейінгі күндері тасқын су талайдың мазасын қашырды.

Жер жібіп қатып, дамбылар мен елді мекендерді қызыл су басты.

Аягөз және Ақсуат аудандарында қауіпсіздік мақсатында тұрғындар арнайы дайындалған эвакуациялық пунктілерге көшірілген еді.

Өзгелердің жаңалығы