Ақсу қыста жылусыз қалмай ма? Энергетика министрі жауап берді

19 Шілде 2023, 04:24
531
Бөлісу:
Ақсу қыста жылусыз қалмай ма?  Энергетика министрі жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақсу қаласында тозығы жеткен қазандықты жөндеуге қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ мәжілістің Telegram каналына сілтеме жасап.

Бұған дейін мәжілісмен Жарқынбек Амантайұлы Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағып, министрге депутаттық сауал жолдаған.

Алмасадам Сәтқалиев министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде "Ақсу қаласындағы қалалық жылыту қазандығы" нысанын іске қосу жобасына 5,9 млрд теңге, соның ішінде іске қосу-баптау жұмыстарына 205 млн теңге бөлгенін хабарлады.

Жаңа жылыту қазандығында іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу барысында қазандықтың оттығына көмір құю жұмысында ұсақ фракцияны алып кету және жанбау сияқты бірқатар құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде ұсақ фракцияның қалдықтары күл шығару арналарында бітеліп қалды. Осы мәселені шешу шеңберінде мердігер ұйымдар жобалау құжаттамасында көзделмеген ұсақтау қондырғыларын монтаждады, - дейді министр.

Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігер ұйымдардың атына анықталған ескертулерді жою және жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хаттар жолдады.

Ескертулер жойылмаған жағдайда мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде шешілетіні ескертілді, – деді министр өз жауабында.

Өзгелердің жаңалығы