Ақшолақов жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылғанын айтты

5 Қыркүйек 2022, 12:23
744
Бөлісу:
Ақшолақов жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылғанын айтты

2022 жылға арналған болжамы 5,2 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан артық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылған болатын – мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,04 млн тоннадан астам жоғары. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық немесе 10,5%, - деді Ақшолақов. 

Ол атағандай,2020 жылды қоспағанда, дизель отынын өндіру жылдан жылға қарқынды өсіп отыр.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық. 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы