“Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр

21 Тамыз 2023, 17:02
571
Бөлісу:
“Ақшабұлақ“ кен орнындағы  өртке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында “Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ” кен орнында цистерна жарылып, өрт болды.

Салдарынан 1 адам оқиға орнында қаза болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.

ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы