АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Мьянма мен көршілес елдерді дүр сілкіндірген жер сілкінісіне АҚШ-тың қаншалықты жылдам және тиімді жауап бергеніне күмән келтіруде. Бұл сұрақ USAID-тің қаржыландыруы айтарлықтай қысқартылып, қызметкерлердің басым бөлігі жұмыстан босатылғаннан кейін туындады, деп деп хабарлайды BAQ.KZ npr.org сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі болған күні Мемлекеттік департаменттің өкілі Тэмми Брюс баспасөз мәслихатында "USAID апат болған жағдайда әрекет етуге дайын апат мамандарының тобын сақтап отыр" деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол АҚШ-тың көмек көрсету қажеттілігін өтініштер мен жағдайға байланысты бағалап жатқанын айтты.
Алайда USAID-тің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері АҚШ-тың әрекеттеріне күмән келтіруде.
Алайда Тэмми Брюстің АҚШ-тың көмек көрсету жоспарын нақтылап өтті. Жоспарға сай Мьянмадағы гуманитарлық ұйымдарға 2 миллион долларға дейін қаржылай көмек бөлу кіреді.
Жалпы АҚШ үкіметі дағдарыс кезінде жергілікті бизнес, емханалар және халықаралық гуманитарлық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.
Көмектің басты көрсеткіші – біздің сол жерде міндетті түрде болуымыз емес. Біз әлем бойынша серіктестерімізбен жұмыс істейміз, және мақсаттарымызды солар арқылы іске асыра аламыз, – деді Брюс.
Брюс сондай-ақ аймақтағы USAID гуманитарлық мамандарының шағын тобы қазір Мьянмаға бара жатқанын айтты. Олар адамдардың ең басты қажеттіліктерін – төтенше баспана, азық-түлік, медициналық көмек және ауызсу мәселесін зерттемек.