АҚШ-тың Монтана штаты TikTok-ты қолдануға толық тыйым салды

18 Мамыр 2023, 10:42
1471
Бөлісу:
АҚШ-тың Монтана штаты TikTok-ты қолдануға толық тыйым салды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Монтана АҚШ-та TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салған алғашқы штат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CNN мәліметінше, штат губернаторы Грег Джанфорте сәрсенбі күні тиісті құжатқа қол қойды. Ол 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ал TikTok платформасының иегерлері бұл тыйым "АҚШ Конституциясында бекітілген Монтана тұрғындары құқықтарына қайшы келетінін" айтты.

TikTok мәлімдемесіне сәйкес аталған қосымшаны Монтананың жүздеген мың адамы қолданады.

Біз Монтана штатының тұрғындарына мәлімдеме жасай отырып, олардың TikTok бағдарламасын табыс табу үшін, қоғамдастықтарға тіркелу үшін қолдана бере алатынын растаймыз. Себебі біз Монтана аумағында және одан тыс жерде платформа пайдаланушыларының құқықтарын қорғау бойынша жұмысымызды жалғастыра береміз, - делінген хабарламада.

TikTok Монтана үкіметі қабылдаған шешім бойынша сотқа арыздануы мүмкін.

Халқының саны шамамен 1 млн адамды құрайтын Монтана былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап үкіметтік құрылғыларда қосымшаны қолдануға тыйым салған.

TikTok бүкіл әлем елдері үкіметтерінің назарына ілікті. Олар деректер Қытай үкіметіне берілуі ықтимал деп қауіптенеді.

Айта кетейік, TikTok қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі. TikTok директоры Шоу Зи Чу бірнеше рет мәлімдеме жасап, америкалықтарды ешқашан аңдымайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы