АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға келді

28 Ақпан 2023, 09:37
1330
Бөлісу:
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға келді
PHOTO
Фото: Иэн Марлоудың Twitter парақшадан

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Twitter-де бортында Мемлекеттік хатшымен бірге ұшқан батыстық журналистер мәлімдеді.

Блинкен Орталық Азия бойынша сапарын Қазақстанда ашты. Оны түнгі сағат 02:00-ден суық Астананың жел соққан алаңында күтіп алды. Температура Цельсий бойынша -8 градус, 48 сағаттан аз уақытта Делимен салыстырғанда үлкен өзгеріс, – деп жазды AFP басылымының тілшісі Шон Тандон. 

Астана әуежайынан суреттерді Bloomberg басылымының аға репортері Иэн Марлоу жариялады. 

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға келді

Қазір ғана біз АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Орталық Азия мен Үндістанға сапары аясында Астанаға қондық, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ мемхатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға ресми сапармен келетіні туралы хабарлаған едік. Сапар аясында Блинкенді Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты келіссөздер өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы