АҚШ Трамп президенттігі басталғалы 250 мыңнан астам визаның күшін жойды

Мемлекеттік департамент визаларды тұрақты тексеру жұмыстары аясында бақылауды күшейткен.

 depositphotos.com 1 Қазан 2026, 07:49
1 Қазан 2026, 07:49
143
Фото: depositphotos.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті Дональд Трамп президент қызметіне кіріскеннен бері 250 мыңнан астам визаның күшін жойды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Томми Пиготт мәлімдеді.

Оның айтуынша, визалардың күші әртүрлі себептермен, соның ішінде заң бұзу, қылмыс жасау, алаяқтық, иммиграциялық жүйені теріс пайдалану және ұлттық қауіпсіздікке қатысты тәуекелдерге байланысты жойылған. Мемлекеттік департамент визаларды тұрақты тексеру жұмыстары аясында бақылауды күшейткен.

Пиготт АҚШ визасы құқық емес, артықшылық екенін айтып, оның талаптарын бұзған адамдар визасынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін, 28 қыркүйекте, АҚШ Мемлекеттік департаменті Боливия, Колумбия, Эквадор және Перудің кейбір қазіргі және бұрынғы шенеуніктері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты визалық шектеулер енгізген. Ведомство бұл шараларды сыбайлас жемқорлық пен есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен байланыстырды.

Наверх