АҚШ-тан келген турист Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында баласын жоғалтты

Оқиға Ясауи кесенесі маңында болған.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 19:35
Бүгiн 2026, 19:35
213
Фото: polisia.kz

Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген. Серуен барысында оның 6 жасар ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүрген кезде жоғалып кеткен.

Баласын өз бетінше таба алмаған азамат дереу туристік полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Полицейлер арыз түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, іздестіру шараларын бірден ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын және жақын маңдағы аумақтарды толық тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағытын анықтады. Сонымен қатар жақын маңдағы нысандар, оның ішінде сауда орындары тексеріліп, патрульдік жасақтарға нақты бағыт-бағдар беріліп, үйлесімді жұмыс жүргізілді. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде балақай бірнеше сағат ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен аман-есен табылып, ата-анасына табысталды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

Шетелдік азамат полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігіне алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Абай облысында айдалада жалғыз жүрген балақай 3 шақырым жерден табылды

Интерпол арқылы екі жылда 300-ден астам адам ұсталды – ІІМ

Астанада жоғалған жасөспірім 1000 шақырым жерден табылды

Наверх