АҚШ-тағы шеруде Қырғызстан туын алып жүрген қазақстандықтарға қырғыздар алғыс айтуда

Қазақстандықтар Қырғызстан туын Орталық Азияның басқа елдерінің туларымен бірге алып жүруге рұқсат алған.

Бүгiн 2026, 12:49
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 12:49
Бүгiн 2026, 12:49
155
Фото: видеодан скриншот

АҚШ-та тұратын Қырғызстан тұрғыны Нью-Йоркте өткен «Turkish Day Parade» (Түрік мәдениеті күні шеруі) кезінде Қырғызстан туын алып жүрген қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушысы Жасұланның айтуынша, шеру барысында қатысушылардың арасында Қырғызстан өкілдері болмай шыққан. Сол сәтте қырғыз елінің туын ұстайтын адам болмай, шетте тұрған. Оны көрген қазақстандықтар Қырғызстан туын Орталық Азияның басқа елдерінің туларымен бірге алып жүруге рұқсат сұраған. Содан кейін ұйымдастырушылар қазақтарға қырғыз туын ұстап жүруге келісім берген.

Нью-Йоркте өткен 43-ші Annual Turkish Day Parade шеруіне қатысып, өз туымызды көтеріп шығу — мен үшін үлкен мәртебе әрі жүрекке жақын сәттердің бірі болды. Бұл тек парад емес, бұл - мәдениеттің, достықтың, бірліктің көрінісі. Мыңдаған адамның арасында өз еліңнің туын мақтанышпен алып жүрудің сезімі керемет. Шеру барысында Қырғыз елінің туын да көтеріп шықтым. Бұл сәт түркі халықтарының бауырластығы мен ортақ рухының ерекше көрінісін паш ететін сәт. Бірақ, Қырғыз елінің туы болмады бұл шеруде. Туды ұсынғанда, оның тыс қалмауын бірден сезіндік. Сондықтан оны құрметпен алып шығу - мен үшін адамдық әрі рухани парыздай болды. Шетелде жүріп, өз тамырыңды, мәдениетіңді, халқыңды таныту - үлкен жауапкершілік. Осындай тарихи әрі мағыналы шараның бір бөлігі болғаныма шексіз ризамын. Ұлттың туын көтеру - жай ғана мата ұстау емес. Ол - сенім, тарих, - деп жазды instagram парақшасында Тілекші Саналбекқызы.

Шеру кезінде қатысушылар Қырғызстан туының теріс қарап тұрғанын байқап, оны бірден түзеткен.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда Олжас Сүлейменовке Нобель сыйлығын беру ұсынылды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаға тартылды

Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыстан табылды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tilekshi Amangeldiyeva | USA 🇺🇸 (@tilekshi_sanalbekkyzy)

Наверх