АҚШ-тағы инфляция алтын бағасының құлдырауына әсер етті

Күміс 5,4%-ға, платина 4,1%-ға, палладий 3,2%-ға төмендеді.

 depositphotos.com 26 Қараша 2026, 03:40
26 Қараша 2026, 03:40
176
Фото: depositphotos.com

Кеше, 25 қарашада әлемдік нарықта алтын бағасы 3%-ға төмендеп, бір унциясы 3 445,89 долларға дейін арзандады. Бұл – 2025 жылғы тамыздан бергі ең төменгі көрсеткіш. АҚШ-та инфляцияның өсуі және Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген болжам бағалы металға қысым түсірді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та қазанда жеке тұтыну шығындарының баға индексі 0,3%-ға өскен. Осы деректерден кейін нарық қатысушылары ФРЖ желтоқсанда мөлшерлемені көтеруі мүмкін деп күтеді. Әдетте пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы кіріс әкелмейтін алтынның тартымдылығын төмендетеді.

Бағалы металдардың өзге түрлері де арзандады. Күміс 5,4%-ға, платина 4,1%-ға, палладий 3,2%-ға төмендеді.

Наверх