АҚШ-тағы ең ірі банктің бірі банкротқа ұшырап, жабылып қалды

11 Наурыз 2023, 15:54
812
Бөлісу:
АҚШ-тағы ең ірі банктің бірі банкротқа ұшырап, жабылып қалды
Фото: rbc.ru

Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі банктің бірі – Silicon Valley Bank банкротқа ұшырап, жабылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаржы мекемесін калифориялық қаржылық қорғаныс және инновация департаменті жапты. 

Несие ұйымы стартапқа негізделген. 

SVB банкроттығына салымшылар, технологиялық және венчурлық компания қызметкерлері ақшаларын шешіп себеп болған. 

Оның банкроттығы 2008 жылдан бергі дағдарыс уақытындағы ең ірі оқиғаға айналып отыр. Банк АҚШ тарихында Washington Mutual Bank-тен кейінгі ауқымы бойынша банкрот болған екінші банк екені анықталды.

Қаржы мекемесі салымшыларының 87  пайызы сақтандырылмаған. Соның салдарынан салымшыларға өз қаражаттарын қайтару қиынға соғады. 

Былтыр венчурлық фирмалардан ерте қаржыландыру алған соң жария болған америкалық технологиялық және медициналық компаниялардың жартысы қаражаттарын Silicon Valley Bank-те сақтаған.

FDIC 250 мың доллардан аспайтын салымдарды 13 наурызда таңертең алуға болатынын мәлім етті. 

Silicon Valley банкінің банкроттығы барлық қаржы институттарының акцияларының төмендеуіне әкеліп соқты. 

Өзгелердің жаңалығы