Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жанар-жағармайдың бағасы күнара өсіп жатыр, деп хабарлады 24.kz.
Соңғы айда оның құны 21 процентке көтерілген. Қазір бензиннің 1 литрі 1,5 доллар тұрады.
Президент Джо Байден жанар-жағармай құны Вашингтонның салған санкцияларынан екенін айтып, Ресейді айыптады.
Бірақ тұрғындар жанар-жағарамай құю бекеттеріне Ақ үйдің суреттерін іліп, наразылық танытып жатыр. Ал кейбірі тіпті көліктерін электромобильге ауыстырыпты.