Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-та Трампқа қастандық жасаған ер адам өмір бойына сотталды

Бүгiн, 04:25
130
Бөлісу:
 Reuters
Фото: Reuters

АҚШ соты 2024 жылы сол кездегі президенттікке кандидат Дональд Трампқа қастандық жасады деп айыпталған Райан Уэсли Раутты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы USA Today басылымына сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласында орналасқан Trump International Golf Club гольф-клубында болған. Сол кезде гольф алаңында жүрген Дональд Трампқа қарай күдікті винтовканың ұңғысын бағыттаған. Құпия қызмет қызметкерлері дереу оқ атып, нәтижесінде ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Кейін күдікті ұсталды. Америкалық БАҚ дерегінше, ол – Гавай аралдарының тұрғыны, 58 жастағы Райан Уэсли Раут. Оның демократтарды және Украинаны қолдайтыны белгілі болған.

Сондай-ақ 2024 жылдың сәуір айында Newsweek журналы Рауттың Украинадан қару-жарақ сатып алуға тырысқаны жөнінде ақпарат таратты. Атап айтқанда, ол реактивті танкіге қарсы гранатомет немесе Stinger зениттік зымыранын алуға қызығушылық танытқан. Басылым мәліметінше, Раут мессенджер арқылы Украинадағы адаммен хат алмасып, қару сұратқан. Сол хаттарда ол Дональд Трампты "Украина үшін қолайсыз тұлға" деп бағалаған.

Өзгелердің жаңалығы