АҚШ-та соңғы 4 күнде екі млн-ға жуық адам коронавируспен ауырған

30 Желтоқсан 2021, 22:25
1393
Бөлісу:
АҚШ-та соңғы 4 күнде екі млн-ға жуық адам коронавируспен ауырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптаның басынан бері 2 миллионға жуық америкалықтың ковидпен ауырғаны анықталды, деп жазды Хабар 24. 

Бұл шамамен әр 1 cекунд сайын 3 адам қатерлі вирусты жұқтырады деген сөз. Ересектерден бөлек, балалардың арасында да ковидпен ауырғандардың және ауруханаға жеткізіліп жатқандардың саны артуда. Педиатрлардың айтуынша, өткен аптада 200 мыңға жуық баладан ковид табылған. Бұл желтоқсанның басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 50 процентке жоғары дейді. Ата-аналар болса, бұл жағдайға қатты алаңдаулы. Қазір балалар демалыста.

 Жақын күндері мектептерде сабақ басталады. Сол кезде жағдай тіптен қиындауы мүмкін дейді олар. Дәрігерлер балалардың арасында көз жұмғандардың саны төмен болғанымен, айналасындағы ересек адамдар үшін қауіпті дейді. Ал Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары алдағы 4 аптада ковид індетінен 44 мыңға жуық адам қайтыс болуы мүмкін деп болжап отыр.

АҚШ-тың кейбір аймақтарында омикронды жұқтырған адамдардың саны жалпы ауырғандардардың 20 процентін құрайды. Ал кейбір қалаларда ол 90 процентке жетіп отыр. Яғни бұл штамм өте жылдам таралып жатыр деген сөз. Екпе алмағандар арасында да омикрон жұқтырып жатқандар тіркелуде, - деді АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Рошель Валенски.
 

Өзгелердің жаңалығы