АҚШ-та фестиваль кезінде көлік бір топ адамды қағып кетті

Күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталды.

 АР Бүгiн 2026, 11:14
Бүгiн 2026, 11:14
162
Фото: АР

АҚШ-тың Луизиана штатында лаостық Жаңа жылға арналған фестиваль маңында көлік адамдар тобының ішіне кіріп кетті. Оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters агенттігінің жергілікті қызметтерге сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккендердің 13-і ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр.

Фестиваль ұйымдастырушылары зардап шеккендерге көңіл айтып, жоспарланған барлық іс-шараның тоқтатылғанын мәлімдеді.

Иберия Пэриш округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге анықталып жатыр.

Наверх