АҚШ-та екі қала халқы өрттен эвакуацияланды

31 Желтоқсан 2021, 15:41
1630
Бөлісу:
АҚШ-та  екі қала халқы өрттен эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Колорадо штатында орман өртеніп, Супериор қаласынан 13 мың адам эвакуацияланды, деп жазды Хабар24.

Тағы 21 мың тұрғыны бар Луисвилль қаласының азаматтарына шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Табиғат апатынан 6 адам жарақат алған. 

Ақпарат құралдары лаулаған жалынның түтіні қос шаһардан 30 шақырымдай жерде орналасқан штат орталығы - Денвер қаласынан көрінетінін айтады. Аймақта қатты жел соғып, отты ауыздықтауға кедергі келтіруде. 

Басында алыстан әлсіз түтінді байқаған едім. Бірақ жел күшейіп, будақтаған түтін тез жетіп айналаны басып кетті. Қазір шұғыл жиналып, қауіпсіз жерге көшіп жатырмыз, - деді тұрғын Эндрю Дивер.

Өзгелердің жаңалығы