АҚШ-та балалар арасында тез тарайтын вирус пайда болды

28 Қазан 2022, 06:45
6998
Бөлісу:
АҚШ-та балалар арасында тез тарайтын вирус пайда болды

Америкалық мамандарды балалар арасында «тридемияның» тез таралуы да алаңдатып отыр. Қазір елде бір уақытта респираторлық вирусты, ковид пен тұмауды жұқтырып жатқандар көбейіп барады, деп хабарлайды  BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Кейбір өңірде балалар ауруханасында науқастарды жатқызатын орын жетіспей жатыр. Вашингтон, Дэлавер, Род-Айленд және Мэн штаттарында педиатриялық бөлімде төсек орынның 90 проценті бос емес.

Қазір респираторлық вирус, тұмау мен ковидті бір уақытта жұқтырып жатқан бала көп. Сондықтан осы тізімдегі екеуіне қарсы вакцина салдырсаңыздар, балаңыз үшін пайдасы мол болар еді, - дейді Хьюстондағы медицина колледжінің профессоры Питер Хотес.

Өзгелердің жаңалығы