АҚШ соты Болдуиннің телефонын тексереді

17 Желтоқсан 2021, 17:53
1639
Бөлісу:
АҚШ соты Болдуиннің телефонын тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та кино түсірілім алаңында абайсызда бірнеше адамды жарақаттаған Алек Болдуиннің телефонын тексеруге ордер берді.

Бұл туралы, РИА Новости агенттігі хабарлады.

Естеріңіге салайық, Алек Болдуин түсірілім кезінде абайсызда операторға оқ атып мерт қылған. Сондай-ақ режиссерді ауыр жарақаттаған.

Агенттік, АҚШ соты Алек Болдуиннің телефонындағы деректерді тексеруге ордер бергенін хабарлайды.

Бұған дейін актердің адвокаттары телефонды сот рұқсатынсыз беруден бас тартқан еді.

Полиция телефонда кісі өлімін тергеуге қажетті ақпараттар болуы мүмкін деп санайды. Түсірілім алдында актер фильмнің қару-жарақ маманынан өзіне үлкенірек тапанша беруді сұрағаны белгілі. Бұл туралы актердің Ханна Гутеррес-Ридпен хат алмасуы жөнінде тіркелген ордердегі ақпаратта айтылған.

Ол (Болдуин. – Ескерт. ред.) Ханна мен арада электронды хат алмасқанын, онда ол оған әртүрлі тапаншаларды көрсеткенін айтады. Ол үлкен мылтық сұрағанын айтады, сонымен қатар оған Ханна әртүрлі пышақтардың суретін көрсеткен. Алектің назарына ұстайтын жері қоңыр және қызыл Colt көрсетіледі, соңында ол қоңырын таңдайды.

2021 жылдың 22 қазанында "Тот" фильмін түсіру кезінде Алек Болдуин абайсызда оператор Галина Хатчинсті атып өлтірді және режиссер Джоэль Соузды жарақаттады. Оның тапаншасында өтірік оқтың орнында ұрыс оғы болған.

Өзгелердің жаңалығы