«Анадолу» АҚШ соққысынан қираған Тегеран-Кередж арасындағы B1 көпірін түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иранның Эльбруз провинциясындағы Кередж қаласын Тегеранмен байланыстыруға тиіс салынып жатқан B1 көпірі АҚШ армиясы жасаған екі әуе соққысынан кейін қатты зақымданды.
«Анадолу» агенттігінің тілшілері Тегеран мен Кереджді жалғайтын бұл көпірге жасалған шабуылдардың салдарын таспаға түсірді.
Соққылардан кейін B1 көпірінің ортаңғы бөлігі мен шеткі учаскелерінің қирағаны анық байқалады. Бұл келтірілген залалдың ауқымды екенін көрсетеді.
Сонымен қатар көпірге жақын орналасқан ауылда да зақым келгені тіркелді.
АҚШ армиясының мәліметінше, B1 көпіріне 2 сәуір күні екі рет соққы жасалған. Салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 95 адам жарақат алған.