АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қабылдамады

Құжатты 49 сенатор қолдаса, 50 сенатор қарсы дауыс берді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
146
Фото: depositphotos.com

АҚШ Сенаты Иранға қарсы соғыс қимылдарын тоқтату туралы қарарды жетінші рет қолдамады. Дауыс беру C-SPAN арнасында көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатты 49 сенатор қолдаса, 50 сенатор қарсы дауыс берді. Осылайша қарар қабылданбай қалды.

Қарарды қолдағандардың қатарында Рэнд Пол, Лиза Мурковски және Сюзан Коллинз болды. Ал демократ сенатор Джон Феттерман құжатқа қарсы дауыс берді.

Бұған дейін де Конгресс Иранға қатысты әскери әрекеттерді тоқтату жөніндегі бастамаларды бірнеше рет қабылдамаған.

АҚШ билігінің мәліметінше, Вашингтон мен Тегеран арасында қақтығысты саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздер жалғасуда.

Наверх