АҚШ Қытай мен Иранға қатысты жаңа санкциялар енгізді

Шектеу шаралары Беларусь, Гонконг, Қытай және Иранмен байланысты 12 компания мен азаматқа қатысты қабылданған.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
191
Фото: depositphotos.com

АҚШ әкімшілігі Иранға портативті зениттік зымыран кешендерін (ПЗРК) жеткізуге қатысы бар деген күдікпен бірқатар компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізді, деп жазды ТАСС агенттігі.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, шектеу шаралары Беларусь, Гонконг, Қытай және Иранмен байланысты 12 компания мен азаматқа қатысты қабылданған.

Атап айтқанда, АҚШ Қаржы министрлігі Иранның екі азаматына, Қытайдың төрт азаматына, Гонконгта тіркелген үш компанияға және Қытайдың бір компаниясына санкция салды. Сонымен қатар, Иранның бір азаматы мен Беларусь және Иран компанияларына қатысты бұрыннан қолданыста болған санкциялар кеңейтілді.

Вашингтонның мәлімдеуінше, портативті зениттік зымыран кешендері Қытайдан Иранға жеткізілген. Бұл жеткізу тізбегінде Беларусь компаниясы делдал ретінде пайдаланылған.

АҚШ билігі бұл шаралар Иранның әскери әлеуетін күшейтуге бағытталған халықаралық жеткізу арналарына қарсы қабылданғанын атап өтті.

Наверх