Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпеуі мүмкін

Бүгiн, 05:48
178
Бөлісу:
 fhi
Фото: fhi

Жұма күні өтуі тиіс АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер Вашингтонның кездесуді Түркиядан Оманға көшіруге келіспеуіне байланысты өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Axios порталы жазды.

Басылымның нақтылауынша, АҚШ тарапы Тегеранның кездесу орнын өзгерту жөніндегі өтінішін қарастырып, оны қабылдамау туралы шешім қабылдаған.

Біз оларға: не келіссөздер Түркияда өтеді, не мүлде болмайды дедік. Олар бізге: “Жарайды, онда мүлде болмайды” деп жауап берді, — деді дереккөз.

Оның айтуынша, егер Иран өкілдері бастапқы форматқа қайта оралуға дайын болса, АҚШ осы аптада немесе келесі аптада кездесу өткізуге келіседі. Сонымен қатар америкалық шенеуніктердің бірі Вашингтонның нақты келісімге тез қол жеткізуді қалайтынын, ал олай болмаған жағдайда «өзге нұсқалар» қарастырылуы мүмкін екенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы