Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі қазір тәулігіне 9 млн баррельден асады. Бұл туралы АҚШ энергетика министрі Крис Райт CNN эфирінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұғазды айналып өтетін құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі қақтығысқа дейінгі деңгейдің шамамен үштен екісіне жеткен.
«Ормуз бұғазы арқылы транзит қазір орта есеппен тәулігіне 9 млн баррельден асады», – деді Райт.
АҚШ энергетика министрі сондай-ақ Иранның қарсылығына қарамастан, АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы «шайқаста жеңіске жетеді» деп мәлімдеді.
Ормуз бұғазы әлемдік энергетика нарығындағы маңызды теңіз дәліздерінің бірі саналады. ТАСС мәліметінше, ол арқылы әлемдік мұнай саудасының шамамен 25%-ы, сондай-ақ сұйытылған табиғи газдың 20%-ға жуығы тасымалданады.