АҚШ Ливандағы шиеленісті бәсеңдетудің шартын атады

Вашингтон Ливан үкіметінің елдегі тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдауға дайын.

 Mohamed Azakir / Reuters Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
209
Фото: Mohamed Azakir / Reuters

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ливан президенті Джозеф Аунмен телефон арқылы сөйлесу барысында өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін «Хезболла» қозғалысы Израильге қарсы шабуылдарын тоқтатуы қажет екенін мәлімдеді.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Томми Пигот хабарлады.

Оның айтуынша, Марко Рубио Ливан билігінің Израильмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайын екенін оң бағалаған. Сонымен қатар, америкалық дипломат «Хезболла» ұйымын қақтығыстың жалғасуына толық жауапты деп атап, жағдайды ушықтыратын шабуылдар мен арандатушылық әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырған.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, Вашингтон Ливан үкіметінің елдегі тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдауға дайын.

Айта кетейік, биыл 17 сәуірден бастап Израиль мен «Хезболла» арасында атысты тоқтату режимі күшіне енгенімен, тараптар Ливан–Израиль шекарасы бойында ара-тұра соққылар алмасуын жалғастырып келеді. Ал 25 мамырда Беньямин Нетаньяху Израиль аумағына бағытталған дрон шабуылдарының жиілеуіне байланысты «Хезболла» нысандарына қарсы әскери операцияларды күшейту туралы тапсырма берген болатын.

Наверх