АҚШ Литва аумағынан мыңнан астам әскери қызметкері мен әскери техникасын шығарып, олардың орнына жаңа әскери контингент орналастыруды жоспарлап отыр.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жаңа әскери топтың саны мен Литваға келу мерзімі әзірге нақтыланбаған. Америкалық әскерлердің ротациясы қалыпты тәжірибе болғанымен, бұл жолғы ауысым АҚШ-тың Еуропадағы әскери қатысуын қысқарту туралы пікірталастар аясында ерекше назар аудартып отыр.
Литва президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Дэвид Матулионис ел билігінің жағдайды сабырлы бағалап отырғанын айтты.
«Біз америкалықтарға сенеміз, стратегиялық серіктеспіз. НАТО-ның шығыс қанатындағы америкалық әскери қатысудың маңызын АҚШ Қарулы күштері мен Пентагон жақсы түсінеді», – деді ол.
Бұған дейін БАҚ-та АҚШ-тың Еуропадағы әскери күштерінің бір бөлігін қысқартуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.