АҚШ Иран ұсынған үш кезеңнен тұратын келіссөздер форматын талқылап жатыр. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт журналистерге арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ливитттің айтуынша, бұл мәселе Ақ үй ішінде талқыланғанымен, түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.
«Бұл ұсыныс талқыланды. Бірақ мен президенттің немесе ұлттық қауіпсіздік тобының атынан алға озып пікір білдіргім келмейді», – деді ол.
Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл тақырыпқа жақын уақытта тікелей пікір білдіруі мүмкін екенін де атап өтті.
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты белгісіздік сақталып отыр. Тараптар соңғы кезеңде әртүрлі дипломатиялық форматтарды қарастырып жатқанымен, нақты келісім әлі жасалған жоқ.